Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МҚК бақылау кеңесі  директорлық  міндеті   бос лауазымына конкурс өткізеді.

Конкурс өту уақыты, 2024 жылдың «20» тамыздан «3» қыркүйек аралығында.  Өткізілетін   орны, Талдықорған қаласы, Райымбек батыр көшесі, 40, байланыс телефоны: 87471673057, эл. пошта perinatal.tald@mail.ru

Облыстық перинаталдық орталық туралы  қысқаша  сипаттама: Облыстық перинаталдық орталық Талдықорған қаласы, Райымбек батыр көшесі, 40, мекен жайда орналасқан.  Талдықорған қаласы мен Жетісу өңірінің аймақтық әйел тұрғындарына тұрақты емдеу шартында білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету, сонымен қатар консультациялық, диагностикалық және стационарлық медициналық көмек көрсетеді. Аурухана  қажетті  материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері: Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуына және тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды ұсына алады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері, не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;

5) «денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы

 

Бақылаушы  Кеңес  ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының қараша күнгі бұйрығымен белгіленген республикалық, облыстық, аудандық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары  сәйкестігіне, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-тармағының 3) тармақшасында және 26-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген және «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» 2009 ж. 23 қараша 2015 ж., қарай отырып  қарстырады және қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі және әңгімелесу кестесі «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылады.

Әңгімелесуге жіберілетін  кандидаттарды,   әңгімелесу өтетін күнді  хатшы  хабарлайды.  Хабарлама кандидаттардың электронды адрестеріне және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы және ұялы  телефон арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен  соң Бақылаушы  Кеңес  кандидаттарды қабылдау туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесу келесі кезеңдерден тұрады:

1) Кәсіпорынды дамыту  туралы презентация;

2) үміткердің құзыреттілігін бағалау.

 

Кәсіпорынның  дамуын  ұсынғанда  үміткер Кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасайды және оларды шешудің  жолдарын  ұсынады.

Құзыреттілікті бағалауда  денсаулық сақтау саласының негізгі нормативтік құқықтық актілері, мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу жөніндегі шаралар туралы білім деңгейі анықталады.

 

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық»  МҚК Бақылаушы Кеңесі.

Конкурсты өткізу күні мен орны: 2024 ж. «9» қыркүйекте 040000 Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Райымбек батыр көшесі, 40